6 ақпан күні «Камертон» компаниясының өкілдері «Тағам өндірісінің техникасы және технологиясы» кафедрасының студенттерімен кездесу өткізіп, оларға өз компаниясындағы жұмыс орындары мен тәжіриебеден өту мүмкіндіктері туралы ақпарат бердi.
Кездесу барысында «Камертон» компаниясы студенттерге кәсіби даму және тәжірибе жинақтау үшін ұсынатын мүмкіндіктермен таныстырды. Компания өкілдері студенттерге жұмыс процессi, міндеттерi мен талаптары туралы түсінік беріп, олардың болашақтағы мансаптары үшін маңызды кеңестермен бөлісті.
Сонымен қатар, «Камертон» компаниясы студенттерді тәжірибеден өту үшін арнайы бағдарлама ұсынатынын, сондай-ақ жастарды кәсіпорынға жұмысқа орналастыру мүмкіндігін қарастыратынын атап өтті. Студенттер бұл кездесуден пайдалы ақпарат алып, болашақта «Камертон» компаниясымен жұмыс істеуге деген қызығушылықтарын арттырды.
Бұл шара студенттер үшін кәсіби даму мен тәжірибе жинақтаудың жаңа мүмкіктерін ашты.