Главная Новости METU Атырауда өткен «Білімді Келешек I» көрмесінде өз мүмкіндіктерін таныстырды
13 Ақпан 2025                  355
METU Атырауда өткен «Білімді Келешек I» көрмесінде өз мүмкіндіктерін таныстырды

2025 жылдың 13 ақпанында Атырау қаласында «Білімді Келешек I» халықаралық білім көрмесі өтті. Бұл көрме Қазақстандағы және шетелдік оқу орындарының талапкерлермен тікелей қарым-қатынас орнатуына мүмкіндік беретін маңызды алаң болды.

Халықаралық инженерлік-технологиялық университеті (METU) көрмеге қатысып, болашақ студенттер мен олардың ата-аналарына оқу бағдарламалары, ғылыми жобалар және оқу орнының ұсынатын мүмкіндіктері туралы мағлұмат берді. Университеттің жаңа технологияларды енгізу, заманауи зерттеу бағыттарын дамыту және студенттерге халықаралық деңгейде білім алу үшін жасаған жағдайлары ерекше назар аудартты.

Шара барысында METU өкілдері талапкерлермен кездесіп, олардың қызықтыратын сұрақтарына жауап берді, университетке түсу талаптары мен студенттік өмірдің артықшылықтары туралы айтып берді. Көрме барысында университет пен білім алушылар арасында тәжірибе алмасу және болашақ білім беру ынтымақтастығы туралы келіссөздер жүргізілді.

Автор: Мусақызы Ж.