Главная Кафедры Инженериядағы smart технологиялар Новости кафедры Футзал жарысына шақырамыз!
07 Ақпан 2025                  6509
Футзал жарысына шақырамыз!

14 ақпанда университетіміздің жаңадан ашылған спорт кешенінде дәстүрлі футзал жарысы өтеді. Жарысты Инженериядағы SMART технологиялар кафедрасы ұйымдастырып, оған барлық кафедралардан командалар қатысады.

Жарыс бағдарламасы:

– 10:00 – 10:30 – Ашылу салтанаты, құттықтау сөздер, жарыс ережелерімен таныстыру

– 10:30 – 15:30 – Топтық кезең, жартылай финал және финалдық ойындар

– 15:30 – 16:00 – Жабылу рәсімі және жеңімпаздарды марапаттау

Арнайы номинациялар:

Үздік қақпашы

Үздік бомбардир

Үздік қорғаушы

Қатысу шарттары:

– Әр кафедрадан 6 адамнан тұратын 1 команда

– Матч ұзақтығы – 2 тайм x 10 минут

– Егер ойын тең аяқталса, жеңімпаз пенальти сериясы арқылы анықталады

Бұл жарыс – студенттер мен оқытушылардың спортқа деген қызығушылығын арттырып, командалық рухты нығайтатын маңызды шара. Жарыс барысында қатысушылар өз шеберліктерін көрсетіп, үздіктер марапатталады. Сонымен қатар, бұл іс-шара достық пен ынтымақтастықты нығайтатын ерекше мүмкіндік болмақ.