Главная Кафедры Бағдарламалық инженерия Новости кафедры «Бағдарламалық инженерия» кафедрасының студенттері мен эдвайзерлері Медеудегі денсаулық баспалдағын бағындырды
14 Ақпан 2025                  191
«Бағдарламалық инженерия» кафедрасының студенттері мен эдвайзерлері Медеудегі денсаулық баспалдағын бағындырды

«Бағдарламалық инженерия» кафедрасының студенттері мен эдвайзерлері Медеу жоғары таулы мұзайдыны маңында орналасқан Денсаулық баспалдағына қызықты серуен жасады.

Сапардың басты мақсаты – денсаулық пен физикалық төзімділікті нығайту ғана емес, сонымен қатар ұжымды біріктіру, командалық рухты дамыту және студенттер арасында салауатты өмір салтын қолдау болды. Қатысушылар 842 баспалдақтан өтіп, таңғажайып шатқал көрінісін тамашалады.

Шыңға көтерілгеннен кейін қатысушылар естелік фотолар түсіріп, болашақтағы бірлескен іс-шаралар жоспарын талқылаған шағын пикник ұйымдастырды. Медеуге саяхат студенттерге ерекше әсер сыйлап, оларды жаңа жетістіктерге шабыттандырды.

Іс-шарадан фотосуреттер мен бейнематериалдарды университеттің веб-сайтынан және кафедраның әлеуметтік желідегі парақшасынан табуға болады: @metu_software_engineering_