Главная Кафедры Биохимиялық инженерия Новости кафедры ЖЫР ЖҮЙРІГІ – МҰҚАҒАЛИ МАҚАТАЕВ
07 Ақпан 2025                  6512
ЖЫР ЖҮЙРІГІ – МҰҚАҒАЛИ МАҚАТАЕВ

Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінде (METU) студенттік өзін-өзі басқару жылы аясында қазақ поэзиясының асқар шыңы, жыр жампозы Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығына арналған әдеби челлендж бастау алды. Студенттердің бастамасына қолдау білдіріп METU басшыларынан бастап оқытушы-профессорлар құрамы да белсене қатысып, жастарды жігерлендірді. Мыңнан аса білімгер ақынның жүрек тебірентер жырларын оқып, оны әлеуметтік желілерде кеңінен таратты. Челлендж барысында әдеби кештер мен эдвайзерлік сағаттар ұйымдастырылып, Мұқағали мұрасына арналған тағылымды кездесулер өтті. Ақынның есімі мәңгілік екенін, өскелең ұрпақ дәлелдеді! Жазушының жырларынан Отанға деген сүйіспеншіліктері артып, рухани мәдениетін байыта түсті.