Главная Кафедры Инженериядағы smart технологиялар Новости кафедры Университетте «Жастардың салауатты өмір салтын ұстануы» атты іс-шара өтті
17 Ақпан 2025                  240
Университетте «Жастардың салауатты өмір салтын ұстануы» атты іс-шара өтті

14 ақпан 2025 жылы «Инженериядағы Smart технологиялар» кафедрасының ұйымдастыруымен және Жастар саясаты департаментінің қолдауымен «Жастардың салауатты өмір салтын ұстануы» атты іс-шара жоғары деңгейде өтті.

Іс-шара барысында жастардың белсенді өмір салтын насихаттауға бағытталған спорттық жарыстар ұйымдастырылды. Жарысқа қатысқан барлық командалар жоғары дайындық көрсетіп, жеңіске деген талпыныстарын көрсетті.

Жеңімпаздар:

1-орын – Smart командасы
2-орын – ПИ командасы
3-орын – ЭиБ командасы

Арнайы номинациялар:
Үздік бомбардир – Мұратқали Өркен (ИтвЭЭ-24-1к)
Үздік шабуылдаушы – Лябиров Токтар (ПИ-24-1.4к)
Үздік қақпашы – Мамилин Кайрат (ТМО-24-1к)

Жарысқа белсене қатысқан барлық командаларға алғысымызды білдіреміз! Салауатты өмір салтын бірге насихаттайық!