14 ақпанда METU университетінде «Инженериядағы Smart технологиялар» кафедрасының ұйымдастыруымен дәстүрлі футбол турнирі өтті. Жарысқа барлық кафедра командалары қатысып, тамаша физикалық дайындықтарын, ұйымшылдықтары мен командалық рухтарын көрсетті.
Мақтанышпен хабарлаймыз: «Экономика және бизнес» кафедрасының студенттері жүлделі 3-орынға ие болды!
Қатысушыларымызға жеңіске деген ұмтылыстары, жанкештілігі және жарқын ойындары үшін алғысымыз шексіз! Бұл турнир спорттың студенттер арасындағы достық пен өзара түсіністікті нығайтатынын тағы бір дәлелдеді.
Командамызды тағы да құттықтаймыз! Жаңа жеңістер мен спорттық жетістіктер тілейміз!