19.02.2025 жылы Халықаралық инженерлік-технологиялық университетте (METU) Ресейдің жетекші университеті Томск политехникалық университетінің (ТПУ) өкілдерімен бірінші проректор- академиялық жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры Д.Б.Ақпанбетовтың жетекшілігімен онлайн форматта маңызды кездесу болып өтті.
ТПУ тарапынан кездесуге жоғары энергетикалық процестер физикасы зерттеу мектебінің директоры т.ғ.д., Д.О.Глушков және директордың орынбасары, т. ғ. к. Д.В.Феоктистов қатысты.
Кездесу барысында тараптар білім алушылар мен оқытушылардың академиялық ұтқырлығы саласындағы ынтымақтастық, ғалымдарды қонақ дәрістеріне тарту және қос дипломды білім беру шеңберінде бірлескен білім беру бағдарламаларын әзірлеу мәселелерін талқылады.