Главная Кафедры Бағдарламалық инженерия Новости кафедры «Бағдарламалық инженерия» кафедрасының оқытушылары Big Dream Lab IT-компаниясының өкілдерімен кездесті
19 Ақпан 2025                  725
«Бағдарламалық инженерия» кафедрасының оқытушылары Big Dream Lab IT-компаниясының өкілдерімен кездесті

Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінің жасанды интеллект және ойын жасау саласы бойынша грант иегері атанған оқытушылары Big Dream Lab IT-компаниясының өкілдерімен кездесті. Университет қабырғасында өткен бұл кездесу академиялық қауымдастық пен индустрия арасындағы серіктестіктің маңызды кезеңіне айналды.

Бұл оқу бағдарламасы ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі және Astana Hub бастамасымен жүзеге асырылатын Tech Orda ауқымды жобасының бір бөлігі болып табылады. Жалпы алғанда, Қазақстанның 47 жоғары оқу орнынан 700 оқытушы жасанды интеллект және ойын жасаудың негізгі бағыттары бойынша қарқынды оқудан өтеді.

METU – бұл бағдарламаның белсенді қатысушыларының бірі. «Бағдарламалық инженерия» кафедрасының 11 оқытушысы грант жеңіп алып, жасанды интеллект және ойын жасау саласындағы заманауи тәсілдерді меңгеруде. Кездесу барысында IT-компаниялардың өкілдері оқытушылармен оқу нәтижелерін, жаңа білімді оқу процесіне енгізу және болашақтағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Университеттің технологиялық компаниялармен өзара іс-қимылы алдағы уақытта да жалғасады, бұл білім беру бағдарламаларын дамыту мен заманауи IT-шешімдерді оқу процесіне интеграциялау үшін жаңа мүмкіндіктер ашады.