Главная Кафедры Инженериядағы smart технологиялар Новости кафедры «Инженериядағы Smart технологиялар» кафедрасы академиялық ұтқырлық бойынша студенттермен кездесу өткізді
21 Ақпан 2025                  644
«Инженериядағы Smart технологиялар» кафедрасы академиялық ұтқырлық бойынша студенттермен кездесу өткізді

2025 жылдың 20 ақпанында «Инженериядағы Smart технология» кафедрасының меңгерушісі Исимов Н.Т. кафедраның 2 және 3 курс студенттерімен кездесу өткізді. Кездесу барысында академиялық ұтқырлық мәселесі кеңінен талқыланып, студенттерге шетелде және өзге жоғары оқу орындарында білім алу мен тәжірибе алмасу мүмкіндіктері туралы жан-жақты ақпарат ұсынылды.

Іс-шара барысында студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, толыққанды жауаптар алды. Бұл кездесу олардың болашақ кәсіби дамуына серпін беретін маңызды пікірталас алаңына айналды.