Главная Кафедры Экономика және бизнес Новости кафедры METU-дағы халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция
21 Ақпан 2025                  3906
METU-дағы халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция

2025 жылғы 20 ақпанда Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінде «Қазіргі заманның әлеуметтік-экономикалық мәселелері: теория және практика мәселелері» тақырыбында Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция (бұдан әрі – Конференция) өтті.

Конференцияға алыс және жақын шетелдерден, сондай-ақ Қазақстан өңірлерінен келген ғалымдар мен бизнес-қауымдастық өкілдері қатысты.

Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінің студенттері мен магистранттары конференция жұмысына белсенді қатысты, бұл кездейсоқ емес, өйткені 2025 жыл университетте студенттік өзін-өзі басқару жылы деп жарияланған.

Аталған конференцияның басты нәтижесі – әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері бойынша пікір алмасу мүмкіндігі болды, сондай-ақ ол академиялық ортаның кәсіби және зияткерлік дамуына маңызды ықпал етті.