Главная Новости METU Өскемен қаласында «Vipusknik.kz - 2025» көрмесіне қатысты
18 Ақпан 2025                  563
METU Өскемен қаласында «Vipusknik.kz - 2025» көрмесіне қатысты

17-18 ақпан күндері Абай облысының Өскемен қаласында алғаш рет «Vipusknik.kz - 2025» көрмесі ұйымдастырылып, ол мектеп түлектері үшін үлкен мүмкіндікке айналды. Іс-шараға Қазақстанның жетекші университеттері мен колледждері қатысып, болашақ студенттерге кеңес берді.

METU көрмеге қатысып, талапкерлерге білім беру бағдарламалары мен университет ұсынатын мүмкіндіктерді таныстырды. Университет өкілдері оқушылардың сұрақтарына жауап беріп, мамандық таңдауға көмектесті.

Көрменің ашылу рәсімінде ұйымдастырушылар білім беру мекемелерінің өкілдеріне алғысын білдіріп, олардың жастардың болашағына қосқан үлесін жоғары бағалады.

Автор: Мусақызы Ж.