20-21 ақпан күндері Абай облысының Семей қаласында «Vipusknik.kz - 2025» республикалық білім көрмесі өтті. Ауқымды іс-шараға Қазақстанның Астана, Алматы, Ақтөбе, Қызылорда, Павлодар, Өскемен және Семей қалаларындағы 19 жетекші жоғары оқу орны мен Семейдің 4 колледжі қатысты.
METU көрме барысында мектеп түлектеріне білім беру бағдарламалары, оқу шарттары және университеттің мүмкіндіктері туралы жан-жақты ақпарат ұсынды. Оқушылар мамандықтар туралы сұрақтарын қойып, өздеріне қажетті кеңестер алды.
Көрменің ресми ашылуында Абай облысы әкімінің орынбасары Жасұлан Бірлікұлы Сарсебаев көрменің маңыздылығын атап өтіп, жоғары оқу орындарының өкілдеріне алғыс хаттар табыс етті.
Автор: Мусақызы Ж.