Главная Кафедры Биохимиялық инженерия Новости кафедры «АНА МЕЙРІМІ: ӨМІРДІҢ ШЫН НҰРЫ» - АШЫҚ ЭДВАЙЗЕРЛІК САҒАТ
24 Ақпан 2025                  642
«АНА МЕЙРІМІ: ӨМІРДІҢ ШЫН НҰРЫ» - АШЫҚ ЭДВАЙЗЕРЛІК САҒАТ

Эдвайзерлік сағаттың мақсаты: Ананың өмірдегі орны мен еңбегін ұғыну, аналарға алғыс айту мәдениетін қалыптастыру, анаға деген құрмет пен сүйіспеншілікті арттыру.

Эдвайзерлік сағат барысында, «ананың өмірдегі рөлі мен маңызы», «ананы құрметтеу», «соңғы рет қашан алғыс айтылды»  деген сияқты сұрақтар талқыланды.  Студенттер анасына қоңырау шалып, алғыс білдірген видео мен әнші әрі жас ақынның анасыз қалай қиын екендігі жайында жүрек толғатар видео қосылып, студенттер көзіне жас алды.

Қорытындылай келе, студенттер ана жайында өлең оқып, қарт ананың хатын оқыды.