Главная Кафедры Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер және әлем тілдері Новости кафедры Мектептегі кәсіби бағдар: табысты мансапқа қадам
18 Ақпан 2025                  500
Мектептегі кәсіби бағдар: табысты мансапқа қадам

2025 жылдың 18 ақпанында «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер және әлем тілдері» кафедрасының оқытушылары Шаймуханова Сауле Дюсетаевна мен Ахметжанова Ажар Токсановна №51 мектеп-гимназиясында 11-сынып түлектеріне кәсіби бағдар беру жұмысын жүргізді. Іс-шараға шамамен 60 мектеп оқушысы қатысты. Кәсіби бағдар беру кездесуі оқу ісі жөніндегі меңгеруші Амирхожаева Сагыныш Нурканатовнаның қолдауымен өтті. Ол шараны ұйымдастыруға үлкен көмек көрсетіп, жылы шырай танытты.

Кездесу барысында оқытушылар Халықаралық инженерлік-технологиялық университеті (METU) туралы жан-жақты ақпарат беріп, білім беру бағдарламалары, грант алу мүмкіндіктері және жұмысқа орналасу перспективалары жайлы баяндады. Көрнекілік үшін оқушыларға ақпараттық буклеттер таратылып, олардың кәсіби қызығушылықтары мен бейімділіктерін анықтауға арналған сауалнамалар ұсынылды.

Оқушылар университетке түсу, оқу үдерісі және студенттік өмір жайлы белсенді түрде сұрақтар қойды. Оқытушылар олардың барлық сұрақтарына толық жауап беріп, болашақ мамандықты саналы түрде таңдаудың маңыздылығын ерекше атап өтті.

Іс-шара жылы және нәтижелі атмосферада өтті. Бұл кездесу түлектердің жоғары білім алу және болашақ кәсіби даму мүмкіндіктері туралы хабардарлығын арттыруға ықпал етті.