Главная Кафедры Тағам өндірісінің техникасы және технологиясы Новости кафедры Профессор Татьяна Николаевна Данильчуктың «Тағам өнімдерін өндіру технологиялары және инжиринг» білім беру бағдарламасының студенттері үшін оқыған лекциялары
21 Ақпан 2025                  1086
Профессор Татьяна Николаевна Данильчуктың «Тағам өнімдерін өндіру технологиялары және инжиринг» білім беру бағдарламасының студенттері үшін оқыған лекциялары

2025 жылдың 17-19 ақпан аралығында біздің университетте, 6B07203 «6В07203 - Тағам өнімдерін өндіру технологиялары және инжиринг» білім беру бағдарламасы аясында, Ресейдің ең ірі инженерлік жоғары оқу орындарының бірі – ФГБОУ ВО «РОСБИОТЕХ» (Мәскеу) профессоры, техникалық ғылымдар докторы Татьяна Николаевна Данильчук онлайн түрде лекциялар оқыды.

Лекциялар барысында Татьяна Николаевна төмендегі төрт маңызды тақырыпты қарастырды:

1. Тамақтану физиологиясы және нутрициология негіздері – адамның денсаулығына және әл-ауқатына әсер ететін теориялық және практикалық аспектілер.

2. Рационалды тамақтану принциптері – әртүрлі халық топтары үшін теңдестірілген тамақтану ұйымдастыру бойынша ұсыныстар.

3. Тамақтану теориялары (ғылыми және ғылыми емес) – тамақтану саласындағы әртүрлі теориялар мен ұғымдардың ғылыми негіздері және олардың практикалық қолданылуы.

4. Негізгі тағамдық заттардың биологиялық құндылығы және оны есептеу әдістері – лекциялар мен практикалық сабақтар, студенттерге тағамдардың қоректік қасиеттерін бағалаудың әдістерін меңгеруге мүмкіндік берді.

Онлайн форматтағы лекциялар студенттерге білім алудың ыңғайлы жолын ұсынды, бұл білімдерін болашақтағы оқу және кәсіби қызметінде қолдануға мүмкіндік береді. Лекциялар тағам өндірістерінің инженериясы саласындағы болашақ мамандардың біліктілігін арттыруға, сондай-ақ тамақтану және нутрициология саласындағы терең білім мен практикалық дағдыларды меңгеруге септігін тигізді.

Татьяна Николаевна Данильчукпен ынтымақтастық халықаралық білім беру байланыстарын нығайтуға және студенттердің тағам технологиясы мен нутрициология саласындағы білімін тереңдетуге маңызды қадам болды.