2025 жылғы 25 ақпанда «Биохимиялық инженерия» кафедрасында шақырылған профессор – техника ғылымдарының докторы, профессор, Оңтүстік-Урал мемлекеттік университетінің (Челябі қ., РФ) «Азық-түлік биотехнологиялары» кафедрасының меңгерушісі Ирина Юрьевна Потороко дәріс оқыды.
Студенттерге, магистранттар мен докторанттарға биотехнология және биоинженерия саласындағы перспективалық бағыттар жөнінде дәріс ұсынылды.
Биотехнологияның негізі – генетикалық инженерия және биохимия. Бүгінде клеткалық инженерияның дамуы ең перспективалы бағыттардың бірі болып саналады.
Биотехнологияның негізгі даму бағыттарына мыналар жатады:
• жаңа тағам өнімдері мен жануарларға арналған
жем түрлерін жасау;
• пайдалы микроорганизмдердің жаңа штаммдарын
шығару;
• жаңа жануар тұқымдарын шығару;
• жаңа өсімдік сорттарын шығару;
• өсімдіктерді аурулар мен зиянкестерден қорғауға арналған препараттарды жасау және қолдану;
• қоршаған ортаны қорғауға арналған жаңа биотехнологиялық әдістерді пайдалану және т.б.