2025 жылдың 18 ақпанында ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор Серік Әуелбекұлы Оразбаев 6В08103 - «Жеміс-көкөніс шаруашылығы және агротопырақтану» білім беру бағдарламасының студенттері үшін ЖШС «Қазақ мал шаруашылығы және жемшөп өндірісі ғылыми зерттеу институты» (ҚазМШжЖӨҒЗИ) базасында лекциялық және практикалық сабақтар өткізді.
«Жеміс-көкөніс өсірудің заманауи әдістері» тақырыбындағы теориялық және практикалық материалдарды қамтып, студенттерге агрономия мен ауыл шаруашылығында қолданылатын жаңа әдістермен танысуға мүмкіндік берді.
«Тағам өндірісінің техникасы және технологиясы» кафедрасының профессоры Серік Әуелбекұлы Оразбаевқа студенттерге практикалық білім беру процессінде қосқан үлесі үшін алғыс білдіреді.