Главная Новости Студенттік ғылым және жаңа ұрпақтың жаһандық болашағы
27 Ақпан 2025                  1144
Студенттік ғылым және жаңа ұрпақтың жаһандық болашағы

27 ақпан 2025 жылы Студенттік көшбасшылардың халықаралық форумы аясында «Жаһандық болашақ және ғылымның жаңа буыны» атты панельдік сессия өтті. Бұл іс-шара ғылым  саласындағы талантты студенттер мен жас ғалымдарды біріктірді. 2025 жыл METU-да студенттік өзін-өзі басқару жылы деп жарияланғандықтан, панельдік сессияның спикерлері ретінде ғылыммен белсенді айналысатын студенттер қауымдастығының өкілдері сөз сөйледі.

Модератор ретінде Қуатова Молдир Жангелдиевна, METU-дың Ғылыми-инновациялық қызмет департаментінің директоры қатысты. Сессия барысында студенттерге арналған қаржыландыру және қолдау бағдарламалары, соның ішінде «Жас ғалым» бағдарламасы таныстырылды. Бұл бағдарлама жас зерттеушілерге ғылыми әзірлемелермен айналысуға, халықаралық жобаларға және тағылымдамаларға қатысуға мүмкіндік береді. Студенттер ғылыми дамудың болашағы туралы сұрақтар қойып, өз идеяларымен бөлісті.

Сессияның негізгі спикерлері ғылыми бағытта белсенді жұмыс істейтін студенттік қауымдастықтарының өкілдері болды. Кальменов Ермұхамед Тынысбекұлы, Ө.А. Жолдасбеков атындағы Механика және машинатану институтының ғылыми қызметкері, «Тәуелсіздік ұрпақтары» сыйлығының лауреаты, өзінің ғылыми жолы мен жас зерттеушілер үшін ашылатын мүмкіндіктер туралы баяндады. Шылмырза Үсен Жұманұлы, Satbayev University докторанты, жас ғалым және студенттік жобалардың жетекшісі, өз зерттеулерін таныстырып, ғылыми жұмыс тәжірибесімен бөлісті. Бекназар Раушан Рахымқызы, METU-дың 2-курс магистранты және Erasmus+ жобасының қатысушысы, халықаралық ынтымақтастық пен ғылыми зерттеулерге қатысу тәжірибесін ортаға салды.

Панельдік сессия жоғары деңгейде өтті және студенттер мен форум қатысушыларының үлкен қызығушылығын тудырды. Іс-шара білім алмасу, жаңа байланыстар орнату және ғылым мен технологиялар саласындағы өзекті мәселелерді талқылау үшін маңызды алаңға айналды.