Алғыс айту күніне орай «Инженериядағы Smart технологиялар» кафедрасы ұйымдастырған "Алғыс пен бақыт – өмірдің қос қанаты" атты ерекше мерекелік кеш жоғары деңгейде өтті.
Бұл іс-шараның негізгі мақсаты – жастар арасында алғыс білдіру мәдениетін қалыптастыру, мейірімділік пен ризашылық сезімін насихаттау, сондай-ақ қоғамдағы ынтымақ пен бірлікті нығайту болды.
Кеш барысында студенттер мен оқытушылар жүрекжарды тілектерін білдіріп, алғыстың өмірдегі маңызы жайында өз ойларымен бөлісті. Сонымен қатар, іс-шарада ерекше қойылымдар, әсерлі музыкалық нөмірлер орындалып, көрермендерге рухани әсер сыйлады.
Жылулық пен мейірімділікке толы бұл шара барша қатысушыларға ұмытылмас әсер сыйлады.