Главная Кафедры Инженериядағы smart технологиялар Новости кафедры ХИТУ-де студенттік көшбасшылардың халықаралық форумы өтті
27 Ақпан 2025                  459
ХИТУ-де студенттік көшбасшылардың халықаралық форумы өтті

2025 жылғы 27 ақпанда университетімізде "Жаһандық студенттік көшбасшылық: даму, әсері, әрекет" атты Халықаралық студенттік көшбасшылар форумы өтті. Бұл форум Студенттік өзін-өзі басқару жылына орай ұйымдастырылып, әлемнің әртүрлі елдерінен жиналған белсенді жастарды, жас көшбасшыларды және студенттік ұйым өкілдерін бір алаңда біріктірді.

Халықаралық студенттік көшбасшылар форумында «Жаһандық студенттік көшбасшылық: даму, әсері, әрекеті» ,« Инженериядағы смарт технологиялар» кафедрасының студенттері үлкен жетістікке жетті. РЭТ-23-1.2К  группасының студенті Оңғар Қарлығаш PRO PANEL ЖШС-нің бір реттік шәкіртақы иегері атанды және РЭТ-22-1К группасының студенті Ибадулла Сержан АкадемСеть ЖШС-нен жұмысқа шақырту сертификатына ие болды.

Бұл форум студенттердің көшбасшылық қабілеттерін дамытуға, жаңа мүмкіндіктерге жол ашуға және болашақ мансаптарын қалыптастыруға үлкен ықпал етті. Мұндай іс-шаралар жастардың біліктілігін арттыруға және олардың кәсіби дамуына серпін беретіні сөзсіз.