Главная Кафедры Тағам өндірісінің техникасы және технологиясы Новости кафедры “Тағам технологияларының инновациялық дамуы” тақырыбындағы ашық дәріс
25 Ақпан 2025                  1170
“Тағам технологияларының инновациялық дамуы” тақырыбындағы ашық дәріс

2025 жылы 12 ақпанында «Тағам өндірісінің техникасы және технологиясы» кафедрасының профессоры, техника ғылымдарының докторы Оспанов Асан Бекешұлы «6B07203 - Тағам өнімдерін өндіру технологиялары және инжиринг» білім беру бағдарламасының студенттеріне ашық дәріс өткізді.

Дәріс барысында профессор А.Б. Оспанов тағам технологияларының инновациялық дамуы, саланың қазіргі заманғы үрдістері және тағам өнімдерін қайта өңдеу мен сақтаудың перспективалы ғылыми зерттеулері туралы баяндады. Сондай-ақ, өндірістің тиімділігі мен өнім қауіпсіздігін арттыруға мүмкіндік беретін цифрлық технологиялар мен автоматтандырудың маңыздылығына ерекше назар аударды.

Студенттер дәріске үлкен қызығушылық танытып, белсенді түрде сұрақтар қойып, жаңа технологиялардың болашақ кәсіби қызметте қолданылу мүмкіндіктерін талқылады.

«Тағам өндірісінің техникасы және технологиясы» кафедрасы саланың жетекші мамандарымен кездесулер ұйымдастыруды жалғастыра отырып, студенттердің кәсіби дамуына және білімін тереңдетуіне жағдай жасауды мақсат етеді.