2025 жылғы 4 наурызда кураторлық сағат аясында
СС-23-1р және СС-24-1к топтарының студенттері Инженерия күніне арналған
кездесуге қатысты. Іс-шараны университет эдвайзерлерінің үйлестірушісі,
«Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер және әлем тілдері» кафедрасының қауымдастырылған
профессоры Шаймұханова Сауле Дюсетаевнаның қатысуымен, «Тамақ өндірісінің
техникасы және технологиялары» кафедрасының эдвайзер-лекторы, техника
ғылымдарының магистрі Жұмабекова Гүлзира Шабайқызы ұйымдастырды.
Кездесу барысында студенттер инженерлік мамандықтардың
маңыздылығы мен олардың заманауи технологияларды дамытудағы рөлін талқылады.
Бүгінгі таңда инженерия түрлі салалардың ажырамас бөлігіне айналып, қоғамның
тұрақты дамуына ықпал етеді. Техникалық мамандықтарға деген сұраныс артып келе
жатқандықтан, студенттер бұл бағыттағы заманауи трендтер мен перспективалар
туралы пікір алмасты.
Іс-шараның өткізілуі қасиетті Рамазан айымен тұспа-тұс
келуіне ерекше назар аударылды. Осыған орай, эдвайзер ораза ұстап жүрген
студенттерді құттықтап, оларға мықты денсаулық, жақсылық және рухани кемелдік
тіледі. Рамазан – тек өзін-өзі ұстау мен сабырлылық кезеңі ғана емес, сонымен
қатар игі істер мен қайырымдылықтың уақыты. Осыған байланысты кездесуде
студенттердің әлеуметтік жауапкершілігі мен қоғамға қосар үлесі де қозғалды.
Кездесу барысында студенттерге 10 наурыздан бастап Аралық бақылау басталатыны және оқу ақысының уақытылы төленуінің маңыздылығы туралы ескертілді. Сонымен қатар, волонтерлік қызмет тақырыбы ерекше назарға алынды: студенттер қайырымдылық бастамаларға белсенді қатысуға, балалар үйінің тәрбиеленушілеріне көмек көрсетуге шақырылды.
Бұл эдвайзерлік сағат студенттер үшін пайдалы әрі шабыттандырарлық кездесу болды. Олар инженерия саласының болашағы мен қоғамдағы рөлін жақсырақ түсініп қана қоймай, өздерінің әлеуметтік жауапкершіліктерін де терең сезіне түсті. Инженерлік білімнің тек техникалық дағдыларды ғана емес, сонымен бірге адамгершілік құндылықтарды да қамтитыны тағы бір мәрте дәлелденді.