«Инженериядағы
Smart
технологиялар»
кафедрасының ер азаматтары көктемнің ең жарқын мерекесі – 8 наурыз Халықаралық
әйелдер күніне орай кафедрамыздың нәзік жанды ұстаздарын шын жүректен
құттықтады. Мерекелік шара барысында ұстаздарға гүл шоқтары табысталып, жылы
лебіздер мен ізгі тілектер айтылды.
Бұл ерекше күн кафедра ұжымындағы бірлік пен сыйластықты нығайтып, әріптестер арасындағы құрмет пен қолдауды айшықтай түсті. Кафедраның нәзік жанды аруларының білім мен ғылымға қосқан үлесі, шәкірт тәрбиесіндегі еңбектері ерекше құрметке лайық.
Кафедраның ер азаматтары барша әйелдер қауымына зор денсаулық, қажымас қайрат, бақыт пен береке тілеп, әр күндерінің қуаныш пен жақсылыққа толы болуын тіледі.