Главная Кафедры Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер және әлем тілдері Новости кафедры МИТУ-дағы қонақ дәрісі ұлы қазақ ғалымы ШОҚАН УӘЛИХАНОВТЫҢ 190 жылдығына арналды
06 Наурыз 2025                  273
МИТУ-дағы қонақ дәрісі ұлы қазақ ғалымы ШОҚАН УӘЛИХАНОВТЫҢ 190 жылдығына арналды

2025 жылдың 6 наурызында МИТУ-да «Тарих ағымындағы тұлға: Шоқан Уәлиханов – өз заманының батыры» атты қонақ дәріс өтті. Бұл іс-шараны «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер және әлем тілдері» кафедрасы ұйымдастырды. Дәрісті Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының жетекші ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының кандидаты, Жаңа замандағы Қазақстан тарихы бөлімінің меңгерушісі Шотанова Ғалия Айтжанқызы жүргізді.

Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов – ұлы қазақ ғалымы, тарихшы, шығыстанушы, ағартушы, этнограф және саяхатшы. Ол Орталық Азияны зерттеуге арналған ғылыми еңбектерімен, сондай-ақ қазақ әдебиеті мен тарихын дамытуға қосқан теңдесі жоқ үлесімен танымал. Бірінші курс студенттері (ПИ-24-1р, ПИ-24-1.2р, БТ-24-1р, АиУ-24-1р) лектордың жетекшілігімен Шоқан Уәлихановтың өмірбаянын, оның өмір жолы мен ғылыми және әдеби мұрасын талқылады.

Ғалия Айтжанқызы қазақ қайраткерінің аз зерттелген және белгісіз қырларын талдайтын жаңа басылымдар мен зерттеулер туралы айтып, Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының жұмысы жөнінде мағлұмат берді. Студенттермен бірге дәрісті кафедра меңгерушісі, тарих ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Ж.Е. Жаппасов, тарих ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор А.Т. Ахметжанова да тыңдады. Студенттер мен оқытушылар лекторға шынайы алғыстарын білдіріп, оны 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады!