8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай Халықаралық инженерлік - технологиялық университетінде салтанатты концерт ұйымдастырылды. Бұл кеш нәзік жандыларға арналып, оларға деген құрмет пен алғысты білдіру мақсатында өтті. .Кеш барысында сахна төрінде әсем әндер шырқалып, әсерлі би қойылымдары орындалды. Сонымен қатар, іс-шара барысында әйелдер қауымына арналып құттықтау сөздер айтылып, естелік сыйлықтар табысталды.
Мерекелік кеш ерекше атмосферада өтіп, келген қонақтарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Ұйымдастырушылар бұл шараның жыл сайын дәстүрлі түрде өткізілетінін атап өтті. Бұл кеш нәзік жандардың қоғамдағы рөлін айшықтап, олардың мейірімі мен махаббаты әлемді жарық ететінін тағы бір мәрте дәлелдеді. Барша аналар мен аруларды көктемнің шуақты мерекесімен құттықтаймыз!