METU ректоры Сарсенбекова Гүлнар Әлібекқызы 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай университеттің қоғамдық өміріне белсене атсалысып жүрген аруларды арнайы құттықтады. Ол студенттердің білім мен ғылым жолындағы жетістіктерін жоғары бағалап, олардың талпынысы мен еңбегіне алғысын білдірді. Көктемнің шуағындай мерекеде ректор қыздарға жылы лебізін арнап, ізгі тілектерін жеткізіп, гүл шоқтарын сыйға тартты. Бұл шара нәзік жандыларға деген құрмет пен қамқорлықтың көрінісі болды.