«Инженериядағы Smart технологиялар» кафедрасында
«Цифрлық деректерді өңдеу» пәні бойынша ашық сабақ өтті. Сабақты
қауымдастырылған профессор, PhD Төлегенова Ақмарал Алибековна «Сигналдарды Фурьеталдау»
тақырыбында жүргізді.
Сабақ барысында Фурье түрлендіруінің негізгі
принциптері, оны сигналдарды талдау мен өңдеуде қолдану жолдары қарастырылды.
Студенттер сигналдарды жиіліктік құрамдас бөліктерге жіктеу әдістерін меңгеріп,
Фурье түрлендіруінің заманауи инженерлік жүйелердегі практикалық маңызын
талқылауға мүмкіндік алды.
Сабақ интерактивті форматта өтті, бұл студенттердің
белсенді қатысуына, сұрақтар қоюына және алынған білімдерін тәжірибе жүзінде
қолдануына мүмкіндік берді. Ашық сабақ цифрлық деректерді өңдеуді тереңдетіп
оқуға ықпал ететін пайдалы әрі танымдық іс-шара болды.