Мәдениет және ұлттық дәстүрлер күніне орай МETU Ғылыми кітапханасында «Қазақ әдебиеті – рухани қазына» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрменің басты мақсаты – қазақ әдебиетінің бай мұрасын насихаттау және оқырмандарға таныстыру. Сонымен қатар, ұлттық әдебиеттің көрнекті туындыларын дәріптеу, оқырмандардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру көзделді.