Главная Новости ХИТУ студенті — ірі ұлттық платформаларды жасауға қатысатын жетекші IT-маман!
12 Наурыз 2025                  745
ХИТУ студенті — ірі ұлттық платформаларды жасауға қатысатын жетекші IT-маман!

Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінің (ХИТУ) студенттері оқу барысында ғана емес, алған білімдерін іс жүзінде қолдана алатынын дәлелдеп келеді. Соның жарқын мысалы – "Отбасы баспа үйі" баспа және ағартушылық қызметпен айналысатын компанияда бас программист болып жұмыс істейтін бітіруші курс студенті.

    Біздің студент қандай жобалармен айналысады?

Қазіргі уақытта ол Қазақстанның мәдени және білім беру кеңістігі үшін маңызды екі ірі платформаны әзірлеуге қатысуда:

  "Қазақстанның киелі орындары" – Қазақстанның киелі және тарихи орындарына арналған электронды платформа. Бұл цифрлық гид қолданушыларға елдің мәдени мұрасымен сайт және мобильді қосымша арқылы танысуға мүмкіндік береді.

  "Қазақша аудио кітаптар" – қазақ тіліндегі әдеби шығармалардың аудионұсқаларына қолжетімділікті қамтамасыз ететін платформа. Бұл жоба қазақ мәдениетін сақтау мен насихаттауға және кітаптарды кең аудиторияға қолжетімді етуге көмектеседі.

       Идеядан іске асыруға дейін

Бас программист жұмысы электрондық платформаларды құру мен сүйемелдеуді қамтиды: веб-сайттар, мобильді қосымшалар және басқа да цифрлық шешімдерді әзірлеу. Студент тек техникалық іске асырумен ғана шектелмей, жобаларды стратегиялық жоспарлауға да белсенді қатысады.

    "Мен үшін бұл жай ғана жұмыс емес – еліміздің мәдени мұрасын сақтауға қосқан үлесім. Қазақстанның киелі орындарын цифрландыру – болашақ ұрпаққа құнды мұра қалдырудың маңызды қадамы", – дейді студент.

    ХИТУ өз студенттерін мақтан тұтады! Олар үлкен міндеттерді орындаудан қорықпай, Қазақстанның цифрлық болашағына өз үлестерін қосуда!