Қасиетті
Рамазан айында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 14-15 наурыз күндері Ұлттық
құрылтайдың IV отырысын өткізді. Құрылтайда ең маңызды деген салаларға:
азаматтық қоғам, мәдениет, өнер, руханият, білім және ғылым,
әлеуметтік-экономикалық даму сынды қоғамда болып
жатқын ең өзекті мәселелер қызу талқыланды. Үкімет мүшелері, президент
әкімшілігінің мүшелері, парламент депутаттары көптеген сұрақтарға жауап беріп,
маңызды да мазмұнды пікір-алмасу өткізді.
Мемлекет
басшысы, ең алдымен, қоғамда қызу талқыланып жатқан салық реформасына қатысты
өз пікірін білдіріп өтті, сонымен қатар құрылтайда, ел экономикасының дамуына берік
негіз болатын жаңа энергетика саласын қалыптастыру маңызды істер екені атап
өтілді. Елімізде бір емес, 3 атом электр станциясын салып, ядролық кластер
қалыптастыру қажет – деп көрсетті Президент. Сонымен қатар, тұрмыстық
зорлық-зомбылықтың алдын алу істерін реттеу үшін «Қазақстан балалары» атты
біртұтас бағдарлама қабылдануы жөн делінді. Ал мектептерге енгізіліп жатқан
«Біртұтас тәрбие» бағдарламасының атауын қоғам белсенділері «Адал азамат» деп
өзгертуді ұсынды. Құрылтайда экономика саласы да сөз болды. Ел экономикасын
жақсартуда қаржылық қолдаулар берілуі қажеттігі айтылды. Әсіресе бизнесті
қолдауға басымдық берілетіндігі және бірқатар инфрақұрылым салынып, зауыт
фабрикалар ашылатындығы халық үшін ел үшін көңілқуантарлық дүние болары сөзсіз.
Құрылтай барысында көтерліген бастамаларға Қасым-Жомарт Тоқаев қолдау
білдіріп, осы бағытта нәтижелі жұмыстар орындалуын міндеттеді. Біз де осындай
үлкен бастамаларға қолдау білдіре отырып, өз саламызға қатысты міндеттемелерге
септігімізді тигізуге дайынбыз.