Главная Новости METU-де оқып жатқан шетел студенттерімен жұмыс жоғары дәрежеде
13 Наурыз 2025                  537
METU-де оқып жатқан шетел студенттерімен жұмыс жоғары дәрежеде

Университет шетелдік студенттер үшін академиялық, әлеуметтік және мәдени бейімделу үдерісін жан-жақты қолдайды. Талқылау барысында студенттердің негізгі қиындықтары мен шешу жолдары қарастырылып, оқу үдерісіндегі талаптар мен ережелер түсіндірілді. Студенттерге академиялық адалдықты сақтау, сабақтарға қатысу, емтихандарды өткізу тәртібі сияқты негізгі мәселелерге ерекше назар аударылды.

Сонымен қатар, визалық құжаттарды рәсімдеу, медициналық сақтандыру және депортация қаупі туралы ақпараттар да ұсынылды. Шетелдік студенттердің мәдени және әлеуметтік іс-шараларға қатысуын ұйымдастыруға ерекше мән беріліп, университеттік және қалалық деңгейдегі іс-шараларға белсенді қатысуы үшін түрлі мүмкіндіктер қарастырылды.

Студенттер өз ұсыныстарын білдіріп, көптілді кездесулер мен халықаралық мәдени фестивальдер ұйымдастыруды ұсынды. Университет басшылығы барлық ұсыныстарды тыңдап, студенттердің мәдени және әлеуметтік бейімделуін жеңілдету үшін қажетті шараларды қабылдауды жоспарлап отыр.