Главная Кафедры Тағам өндірісінің техникасы және технологиясы Новости кафедры Алғыс айту күніне арналған ашық эдвайзерлік сағат
04 Наурыз 2025                  730
Алғыс айту күніне арналған ашық эдвайзерлік сағат

2025 жылғы 1 наурызда "Тағам өндірісінің техникасы және технологиясы" кафедрасында ашық эдвайзерлік сағат өтті. Іс-шараны кафедраның аға оқытушысы Даулетханқызы Арайлым "6В07203 - Тағам өнімдерін өндіру технологиялары және инжиринг" білім беру бағдарламасының студенттері үшін ұйымдастырды.

Кездесу Алғыс айту күніне орай өтті. Эдвайзер студенттермен бірге алғыс айтудың маңыздылығын, оның кәсіби және жеке өмірдегі рөлін, сондай-ақ оқу үдерісінде өзара сыйластық пен қолдаудың мәнін талқылады.

Студенттер ұстаздарына, достарына және жақындарына алғыс білдіріп, өз тәжірибелерімен бөлісті. Сондай-ақ, эдвайзер алғыс айту мәдениеті, академиялық ортадағы ынтымақтастық пен қолдаудың маңыздылығы туралы өз ойларын ортаға салды.

Кездесу жылы әрі достық атмосферада өтті. Студенттер бір-біріне ізгі тілектерін айтып, өзара сыйластық пен ризашылықтың оқу орнындағы маңызын тағы бір мәрте ұғынды.

"Тағам өндірісінің техникасы және технологиясы" кафедрасы барлық қатысушыларға белсенділік танытқандары үшін алғыс білдіреді!