Главная Кафедры Тағам өндірісінің техникасы және технологиясы Новости кафедры Халықаралық әйелдер күніне арналған ашық эдвайзерлік сағат
07 Наурыз 2025                  740
Халықаралық әйелдер күніне арналған ашық эдвайзерлік сағат

6 наурыз 2025 жылы «Тағам өндірісінің техникасы және технологиясы» кафедрасында ашық эдвайзерлік сағат өтті. Іс-шараны кафедраның оқытушысы Таутаева Әсел Талғатқызы «6B07203 – Тағам өнімдерін өндіру технологиялары және инжиниринг» білім беру бағдарламасының студенттері үшін ұйымдастырды.

Бұл іс-шара 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай өткізілді. Осы ерекше күнге арналған сыйлық ретінде топтың ер балалары кафедраның оқытушылары мен қыздарға жағымды тосынсый дайындады.

Студенттер шағын мерекелік бағдарлама ұйымдастырып, саксофонда әуен орындады, көңілді көрініс қойды, шын жүректен жылы лебіздерін білдірді, жүрекке жылы тиетін ән шырқады.

Іс-шара жылы әрі достық атмосферада өтті. Ұстаздар мен студенттер жігіттердің шығармашылық ізденісі мен ерекше ықыласына риза болды.

«Тағам өндірісінің техникасы және технологиясы» кафедрасы барлық қатысушыларға керемет көңіл-күй сыйлағаны үшін алғыс білдіреді!