2025 жылғы 15-22 ақпан аралығында Халықаралық инженерлік-технологиялық университетке ФГБОУ ВО «РОСБИОТЕХ» (Мәскеу, Ресей) университетінің жетекші маманы, техника ғылымдарының докторы, профессор Татьяна Николаевна Данильчук ресми сапармен келді.
Құрметті қонақты «Тағам өндірісінің техникасы және технологиясы» кафедрасы жылы қабылдады. Сапар барысында профессор Данильчук 6B07203 – «Тағам өнімдерін өндіру технологиялары және инжиниринг» білім беру бағдарламасы аясында студенттерге офлайн дәрістер оқып, өзінің ғылыми және практикалық тәжірибесімен бөлісті.
Сонымен қатар, профессор Алматы қаласының мәдени өмірімен танысты – кафедра оқытушылары оған Алматының көрікті жерлерін көрсетіп, мәдени іс-шараларға қатысуын ұйымдастырды.
Сапардың негізгі мақсаты – екі дипломды білім беру жөніндегі келісімге қол қою және университеттер арасындағы оқу жоспарларын сәйкестендіру арқылы өзара ынтымақтастықты дамыту.
Халықаралық инженерлік-технологиялық университет профессор Татьяна Николаевна Данильчукке жемісті кездесулер үшін алғыс білдіре отырып, екіжақты серіктестіктің одан әрі табысты жалғасатынына сенім білдіреді!