Главная Новости Шаңырақ күні – Отбасы мен Бірліктің Мерекесі
17 Наурыз 2025                  1224
Шаңырақ күні – Отбасы мен Бірліктің Мерекесі

Наурызнама мерекесінің маңызды бөлігі – Шаңырақ күні. Бұл күн отбасы құндылықтарын, бірлікті, ұлттық дәстүрлер мен ұрпақтар сабақтастығын дәріптеуге арналған. Шаңырақ – татулық пен берекенің символы. Осы мереке арқылы ата-баба мұрасын қастерлеу, ұлттық мәдениетті сақтау және ұрпақтар арасындағы байланысты нығайту көзделеді.Бұл күні отбасы құндылықтары ерекше құрметтеліп, үлкендерден бата алынып, салт-дәстүрлер аңғыртылады.  Осыған орай, студенттердің өзін-өзі басқару жылы аясында арнайы дөңгелек үстел ұйымдастырылып, онда отбасы құндылықтарының маңызы, дәстүр сабақтастығы және бірлік мәселелері талқыланды.