МИТУ-да
«Экономика және бизнес» кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы University of
Glasgow (Ұлыбритания) профессоры Ramona Blanes-пен кездесті. Кездесу барысында
білім беру бағдарламасын жетілдіру, заманауи оқыту әдістерін енгізу және
халықаралық тәжірибені интеграциялау мәселелері қарастырылды.
Әсіресе,
экономика, қаржылық технологиялар және мемлекеттік басқару саласындағы өзекті
мәселелерге баса назар аударылды. Кездесу нәтижелі өтіп, МИТУ-дағы білім беру
үдерісін дамыту үшін жаңа мүмкіндіктер ашты.