МИТУ-да University of Glasgow (Ұлыбритания)
профессоры Ramona Blanes-пен кездесу өтті. Кездесу барысында туризмді дамыту
және әлеуметтік-экономикалық процестерге арналған ғылыми жобалар талқыланды.
Талқылау аясында халықаралық ынтымақтастықтың
болашағы, зерттеулерге инновациялық тәсілдерді енгізу және жаһандық тәжірибені
университеттің ғылыми бастамаларына интеграциялау мәселелеріне ерекше назар
аударылды. Кездесу өзара тиімді пікір алмасуға жол ашып, бірлескен жобалар үшін
жаңа мүмкіндіктер берді.