МИТУ-да
«Экономика және бизнес» кафедрасына арналған дәрістер циклі басталды.
Дәрістерді Suleyman Demirel University (Түркия) ассистент-профессоры Omer Faruk
Acar жүргізеді.
Алғашқы
«Бизнеске кіріспе» тақырыбындағы дәріс студенттерді кәсіпкерліктің негізгі
қағидалары мен тұжырымдамаларымен таныстырды. Дәрістер студенттердің бизнес
ортасы, басқару стратегиялары және қазіргі экономикалық үрдістер туралы
білімдерін дамытуға бағытталған.
Бұл білім
беру курсы студенттер үшін білімдерін кеңейтуге және бизнес саласындағы
халықаралық тәжірибемен алмасуға тамаша мүмкіндік болмақ.