Главная Кафедры Бағдарламалық инженерия Новости кафедры METU студенті бағдарламалау бойынша өткен олимпиадада 1-орын иеленді
25 Наурыз 2025                  611
METU студенті бағдарламалау бойынша өткен олимпиадада 1-орын иеленді

2025 жылдың 19 наурызында Алматы технологиялық университетінде «Инжиниринг және ақпараттық технологиялар» факультетінің ұйымдастыруымен «Бағдарламалау» бағыты бойынша пәндік олимпиада өтті. 

Бұл іс-шараға еліміздің алдыңғы қатарлы техникалық жоғары оқу орындарының студенттері қатысты. Олимпиаданың мақсаты — алгоритмдік және қолданбалы бағдарламалау саласында дарынды, болашағы зор студенттерді анықтау.

Олимпиадада Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінің «Программалық инженерия» кафедрасының 3-курс студенті Жұмабай Асылжан ерекше көзге түсіп, 1-орынға ие болды.

Асылжанды жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз және алдағы оқуында әрі кәсіби жолында табыс тілейміз!