Главная Кафедры Биохимиялық инженерия Новости кафедры НАУРЫЗ МЕЙРАМЫ ЖӘНЕ ТӘЛІМГЕРЛЕР КҮНІНЕ ОРАЙ СТУДЕНТТЕР ҮЙІНДЕ ӨТКЕН ШАРА
19 Наурыз 2025                  203
НАУРЫЗ МЕЙРАМЫ ЖӘНЕ ТӘЛІМГЕРЛЕР КҮНІНЕ ОРАЙ СТУДЕНТТЕР ҮЙІНДЕ ӨТКЕН ШАРА

19 наурыз күні университеттің студенттері мен Тәлімгерлері Наурыз мейрамын және Тәлімгерлер күнін атап өтті. Көктемнің келуі мен жаңарудың символы болып табылатын Наурыз мейрамы ерекше салтанатпен өтті. Студенттеріміз бірігіп, Студенттер үйінде ұлттық тағамдар мен мәдени дәстүрлерді еске түсіріп, көңілді кеш өткізді.

Сонымен қатар, бұл күні Тәлімгерлер күніне орай ұстаздар мен тәлімгерлерге құрмет көрсетілді. Студенттер өздерінің жетекшілері мен ұстаздарына алғыс білдіріп, олардың қоғамдағы рөлін жоғары бағалауды ұмытпады.

Бұл іс-шара студенттер мен ұстаздардың ынтымақтастығы мен бірлігін нығайтуға бағытталған тамаша мүмкіндік болды. Наурыз мейрамы мен Тәлімгерлер күнінің бір күнде аталып өтілуі ерекше маңызға ие болып, жастарға ұлттық мәдениетімізді тереңірек түсінуге және қадірлеуге түрткі болды.