Главная Кафедры Бағдарламалық инженерия Новости кафедры «Бағдарламалық инженерия» кафедрасының студенттері ведомствоаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысты
27 Наурыз 2025                  526
«Бағдарламалық инженерия» кафедрасының студенттері ведомствоаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысты

Халықаралық инженерлік технологиялық университетінің «Бағдарламалық инженерия» кафедрасының студенттері Еркінбекұлы Тасқын мен Жұмабай Асылжан «Әскери саладағы ұшқышсыз ұшу аппараттарының қазіргі жағдайы мен даму перспективалары: талдау және болжам.» атты ведомствоаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысты. Бұл конференция Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институты тарапынан ұйымдастырылды.

Іс-шараға ұшқышсыз ұшу аппараттары саласындағы жетекші мамандар мен ғалымдар, сондай-ақ әскери саладағы заманауи технологияларға қызығушылық танытқан студенттер мен жас мамандар жиналды. Конференция барысында ұшқышсыз ұшу аппараттарының дамуы, оларды әскери салада қолдану, сондай-ақ қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен әскери операциялардың тиімділігін арттыру үшін болашақта қолдану мүмкіндіктері талқыланды.

Мұндай ірі ғылыми шараларға қатысу студенттерге бағдарламалық инженерия саласындағы білімдерін тереңдетуге ғана емес, сондай-ақ заманауи әскери технологияларда белсенді қолданылатын озық технологиялардың дамуына өз үлестерін қосуға мүмкіндік береді.