Главная Кафедры Инженериядағы smart технологиялар Новости кафедры «Инженериядағы Smart технологиялар» кафедрасының студенті ведомствоаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысты
27 Наурыз 2025                  985
«Инженериядағы Smart технологиялар» кафедрасының студенті ведомствоаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысты

2025 жылғы 27 наурызда Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының ұйымдастыруымен "Ұшқышсыз ұшу аппараттарының қазіргі жағдайы мен даму перспективалары: талдау және болжам" тақырыбында ведомствоаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

«Инженериядағы Smart технологиялар» кафедрасының РЭТ-23-1К тобының 3-курс студенті Алтай Айнұр белсене қатысып, ұшқышсыз ұшу аппараттарының қазіргі даму тенденциялары, оларды әскери және азаматтық салаларда қолдану мүмкіндіктері туралы құнды ақпарат алды. Конференция барысында сала мамандары мен сарапшылар заманауи технологиялар, болашақ даму болжамдары және осы бағыттағы өзекті мәселелерді талқылады.

Бұл конференция студенттерге өз білімдерін тереңдетіп, кәсіби деңгейін арттыруға, сондай-ақ болашақ мамандықтарына байланысты маңызды ақпарат алуға мүмкіндік берді.