Главная Кафедры Экономика және бизнес Новости кафедры МИТУ студенттері «Бухгалтерлік гений» олимпиадасының 1-онлайн турына қатысты
03 Сәуір 2025                  419
МИТУ студенттері «Бухгалтерлік гений» олимпиадасының 1-онлайн турына қатысты

2025 жылдың 3 сәуірінде МИТУ қабырғасында ACCA ұйымдастырған «Бухгалтерлік гений» олимпиадасының 1-тур өтті. Байқау онлайн форматта өтіп, студенттерге бухгалтерлік есеп, қаржы және салық заңнамасы бойынша білімдерін тексеруге мүмкіндік берді.

Қатысушылар аналитикалық ойлау, ұқыптылық және бухгалтерлік стандарттарды терең түсінуді талап ететін тест тапсырмаларын орындады. Олимпиада студенттер үшін өз қабілеттерін көрсетіп, жоғары дайындық деңгейін дәлелдеуге тамаша мүмкіндік болды.

Барлық қатысушыларға келесі кезеңдерде сәттілік пен кәсіби жетістіктер тілейміз!