Главная Кафедры Экономика және бизнес Новости кафедры "Таза бейсенбі": МИТУ-да "Экономика және бизнес" кафедрасы сенбілікке қатысты
03 Сәуір 2025                  611
"Таза бейсенбі": МИТУ-да "Экономика және бизнес" кафедрасы сенбілікке қатысты

2025 жылдың 3 сәуірінде МИТУ-дың «Экономика және бизнес» кафедрасының оқытушылары мен студенттері дәстүрлі көктемгі сенбілікке қатысты. Іс-шара университет аумағында өтіп, тазалықты сақтау мен қоршаған ортаны жақсартуға бағытталды.

Қатысушылар аумақты белсенді түрде тазалап, қоқыс жинап, жолдарды сыпырып, жасыл аймақтарды ретке келтірді. Сенбілік тек пайдалы іс-шара ғана емес, сонымен қатар студенттер мен оқытушылардың бірлесіп жұмыс істеп, университет тазалығына өз үлестерін қосуға тамаша мүмкіндік болды.

«Экономика және бизнес» кафедрасы барлық қатысушыларға алғысын білдіреді және қоршаған ортаны тек сенбіліктерде ғана емес, күн сайын таза ұстауға шақырады!