Главная Кафедры Бағдарламалық инженерия Новости кафедры «Бағдарламалық инженерия» кафедрасының студенттері 3D сканерлеу бойынша мастер-класқа қатысты
04 Сәуір 2025                  639
«Бағдарламалық инженерия» кафедрасының студенттері 3D сканерлеу бойынша мастер-класқа қатысты

«Бағдарламалық инженерия» кафедрасының студенттері «CR-SCAN RAPTOR: 3D сканерлеу және цифрлық модельдеу негіздері» атты танымдық және қызықты мастер-класқа қатысты.

Шара барысында студенттер заманауи CR-SCAN RAPTOR құрылғысы арқылы 3D сканерлеудің жаңа технологияларымен танысып, 3D сканерлердің жұмыс принциптері, цифрлық модельдер жасау кезеңдері туралы көптеген мағлұмат алды. Сонымен қатар, 3D-нұсқауларды өңдеу және арнайы бағдарламалар арқылы модельдеу бойынша практикалық дағдыларды меңгерді.

Шынайы нысандарды сканерлеп, оларды дәл цифрлық көшірмеге айналдыру процесі студенттерге ерекше әсер қалдырды. Мастер-класс студенттердің цифрлық технологиялар бойынша білімдерін тереңдетіп, 3D модельдеу, инженерия және дизайн салаларындағы болашақ жобаларға шабыт берді.

Мұндай іс-шаралар болашақ IT мамандарының кәсіби құзыреттерін дамытуға және программалық инженерия саласындағы инновациялық бағыттарға қызығушылықты арттыруға септігін тигізеді.