Главная Кафедры Тағам өндірісінің техникасы және технологиясы Новости кафедры «6B08103 - Жеміс-көкөніс шаруашылығы және агротопырақтану» білім беру бағдарламасы бойынша профессордың ашық дәрісі
02 Сәуір 2025                  223
«6B08103 - Жеміс-көкөніс шаруашылығы және агротопырақтану» білім беру бағдарламасы бойынша профессордың ашық дәрісі

   Бүгін, ауылшаруашылық ғылымдарының докторы, профессор Оразбаев Серик Ауелбекович «6В08103 - Жеміс-көкөніс шаруашылығы және агротопырақтану» білім беру бағдарламасының студенттеріне «Агрохимия негіздері және топырақтану» пәні бойынша ашық дәріс өткізді. Дәріс «Тағам өндірісінің техникасы және технологиясы» кафедрасында өткізілді.

    Профессор Оразбаев Серик Ауелбекович "Механикалық, биологиялық, физикалық, химиялық және физика-химиялық сіңіру қабілеттерін қолдануда өсімдіктерді үстеп қоректендіру" тақырыбын ұсынды.

  Дәріс барысында студенттер өсімдіктерді қоректендірудің түрлі әдістерін, соның ішінде механикалық, биологиялық және физика-химиялық процестерді қолдану тәсілдерімен танысты. Бұл ашық дәріс студенттердің білім алуының маңызды кезеңі болып, оларға агрохимия саласындағы қазіргі заманғы тәсілдермен танысу мүмкіндігін берді.