Бүгін эдвайзерлік топтармен кездесуде «Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу» тақырыбына арналған маңызды дәріс өтті. Дәрісті Алматы қаласы Дін істері басқармасының ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі, дінтану ғылымдарының докторы PhD, Бақытжан Жолдыбайұлы Сапаров жүргізді.
Кездесу барысында спикер радикалды идеологиялардың таралу себептерін, экстремистік ұйымдарға тарту механизмдерін және осы қауіптерге қарсы тұрудың тиімді жолдарын егжей-тегжейлі түсіндірді. Дәріс қатысушылар үшін өте пайдалы және құнды болды.
Осындай маңызды әрі өзекті шараны ұйымдастырушыларға және спикерге мәселені терең әрі кәсіби талдағаны үшін алғысымызды білдіреміз.