Біздің университетіміздің студенті Смагулов Сұлтан Аянович ұлттық зияткерлік ойын Тоғызқұмалақтан үлкен жетістіктерге қол жеткізді. Бұл жетістіктер – оның еңбекқорлығының, табандылығының және ұлттық мәдениетке деген сүйіспеншілігінің нәтижесі.
Сұлтанға Қазақстан Республикасының спорт шебері атағы берілді. Сонымен қатар, ол келесі марапаттарға ие болды:
Қазақстан Республикасының жастар арасындағы чемпионы
Қазақстан Республикасының жасөспірімдер арасында күміс жүлдегер
Халықаралық жарыстардың жеңімпазы және жүлдегері
Біз университет қабырғасында осындай дарынды әрі мақсатшыл студенттің оқып жатқанын мақтан тұтамыз. Сұлтанның жетістіктері еліміздің жастарына үлгі болып, табандылық пен білімнің үлкен нәтижеге жеткізетінін дәлелдейді.
Смагулов Сұлтан Аянұлын жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз және болашақта бұдан да биік белестерді бағындыруына тілектеспіз!