2025 жылғы 2 сәуірде ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, профессор Каналбек Елеусізұлы Каржаубаев 6В07501 – «Стандарттау және сертификаттау» білім беру бағдарламасының студенттері үшін РМК «Қазстандарт» базасында дәрістер мен практикалық сабақтар өткізді.
«ИСО 9001-2018» тақырыбына арналған сабақтар теориялық және практикалық материалдарды қамтып, студенттерге стандарттау, сертификаттау және метрология саласындағы жаңа тәсілдермен танысуға мүмкіндік берді.
2025 жылғы 3 сәуірде ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, профессор Каналбек Елеусізұлы Каржаубаев 6В07501 – «Стандарттау және сертификаттау» білім беру бағдарламасының студенттері үшін РМК «Қазстандарт» базасында дәрістер мен практикалық сабақтар өткізді.
«Градуирленген шкалалар бойынша бір мәрте өлшеу» тақырыбына арналған сабақтар теориялық және практикалық материалдарды қамтып, студенттерге стандарттау, сертификаттау және метрология саласындағы жаңа тәсілдермен танысуға және метрологиялық зертханаларды зерттеуге мүмкіндік берді.
«Азық-түлік өндірістері техникасы мен технологиясы» кафедрасы профессор Каржаубаев К.Е.-ге білім беру процесіне және студенттердің практикалық даярлығына қосқан үлесі үшін алғыс білдіреді.